close
Мазмұнға өту

Портал:Техника

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Техника порталы

Техника (гр. τέχνηөнер, шеберлік) — табиғатта кездеспейтін, адам ойлап тапқан құрылғылар мен механизмдердің жалпылама атауы. Техниканың негізгі мақсаты — адамды ауыр немесе біркелкі жұмыстан босатып, өмірін жеңілдету. Әртүрлі техникалық құрылғылардың көмегімен еңбек өнімділігін едәуір арттыруға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және күрделі жұмыстардағы адами қателіктерді азайтуға болады.

Image
Туыстас порталдар

Image
Image
Image
Image
Ғылым Авиация Метро Энергетика
Image
Image
Интернет Видео ойындар
Санаттар

Көмек беру

Мәтінде кездесетін қызыл сілтемелерді толтырып, мақалалар санын көбейтіңіз:

Жаңа мақалалар

Таңдаулы мақала

Image

Микропроцессоржүйелік тақтаның ең маңызды құрамасы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады. Бірінші бір кристалды микропроцессор 1971 жылы Intel корпорациясында жасалған Intel 4004 болып табылады. Intel-дің үш инженері: Тэд Хофф, Федерико Фаджин және Стэн Мэйзор компьютердің барлық құрушыларын, орталық процессор, сақтау, енгізу-шығару құрылғыларын қоса есептегенде бір кішкентай чипке орналастырды. Оның ені - 3 милиметр, ал ұзындығы - 4 милиметр, ол 2 300 МОЖ (металл-оксид-жартылай өткізгіштер) транзисторлардан тұрады. Intel 4004 есептеу қуаттылығы 1946 жылы бір бөлмені алатындай көлемде жасалған бірінші электрондық компьютер ENIAC-тың қуатындай болды. Микропроцессорлар микрокомпьютерлерде, қаруларда, тұрмыстық құралдарда қолданылады.

Таңдаулы сурет

Таңдаулы тұлға

Image

Илон Маск (ағылш. Elon Musk; 28 маусым 1971 жыл, ОАР) — канадалық-американдық инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор; миллиардер. SpaceX компаниясының негізін қалаушы, иесі, бас директоры және инженер; Tesla Motors бас дизайнері (Chief Product Architect), бас директор және директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылы қаңтарда Гонконгтағы инвестициялық форумда Маск, оның компаниясы Марсқа ұшуды жүзеге асыруға шамамен 9 жылдан соң 2020-2025 жылдары үміттенетінін айтты.

Білгенге маржан